Сәрсенбі, 24 сәуiр, 05:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Министр әйелінің қандай күріштен палау пісіретінін айтып берді

25.05.2023

581 0

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев арзан күріштің сапасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгінде супермаркеттерде дәні шағылған арзан күріш сатылады. Журналистер министрден арзан бағаға сатылатын осы күріштің сапасы туралы сұрады. Қарашөкеевтің айтуынша, отандық өнімнің сапасы жақсы.

«Өзім Қазақстанның күрішін ғана аламын. Ол күріштің сапасы өте жоғары. Бізде мынау «сечка» дейді ғой, шағылып қалған, сынған күрішке сұраныс жоқ. Ол күрішті Ресей Федерациясы мен Беларусь алып кетеді. Ол жақта шарап жасайды», – деді Қарашөкеев сенатта өткен брифингте.

Министр Қызылорда күрішінің сапасы жоғары екенін ерекше атап өтті.

«Мен баратын супермаркетте Қызылорданың күріші болады, 10-15 түрі тізіліп тұр. Одан палау да дұрыс шығады, көже жасасаң да болады. Біздің үйдегі «хозяйкамыз» қазақстандық күрішті пайдаланады”, – деп атап өтті Қарашөкеев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: