Дүйсенбі, 06 мамыр, 16:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Нәзік жанның әлемі

26.04.2024

256 0

         Осы аптада А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі шара өтті. Шара мақсаты -мүгедектігі бар әйелдердің шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін анықтауға, ішкі әлеуетін дамытуға және олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне көмектесу.

Мүгедектігі бар жандардың шығармашылық жағынан барынша ашылып, жандары қалаған істерімен айналысуына қолдан келгенше мүмкіндік жасау біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады.

Сондай-ақ бұл байқау қаншама нәзік жанның  жанына жылу  ұялатқан, өмірге деген құштарлығын оятқан, сөнген үміттерді қайта жаққан өнер мерекесі болғанына сенімдіміз.

Бұл шара облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен өтті. 

Байқауға 18 жастан асқан 20-дан астам мүгедектігі бар жан қатысты.

Байқау төрт кезеңнен болды.

I – «Сәлемдесу»кезеңі. 

II – «Өз өнері»кезеңі.


III – «Үй тапсырмасы» кезеңі.


IV – «Сұрақ-жауап» кезеңі.

Фестивальді ашуға Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғ.Ж.Жаңабаевқа ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы да өз ойын жеткізді.

– Мүгедектігі бар жандардыңбәрін жинауға мүмкіндік беретін мұндай шаралар өте қажет.Олардың арасында да талантты жандар аз емес. Осындай шаралардың арқасында олардың шеберлік қырлары ашыла түседі. Олар осындай ортада өздерін қоғамға қажет сезінеді, әйтпесе көбінесе үйде отырады ғой, – дейді облыстық мүгедектер қоғамы төрағасы Сиюов Сағатбек Қуанышбайұлы.

Байқау жеңімпаздары:

1-орынды Жусупова Раушан

2-орынды Тулегенова Лаура

3-орынды Боздақбаева Қымбат

3-орынды Есмагамбетова Турсинкуль

Оған қоса «Шығармашылық және өзіндік ерекшелігі үшін» номинациясы 4 жанға берілді. Олар:

1. Бекетова Кадиркуль

2. Калменова Шугыла

3. Қонырбаева Бахытнур

4. Акмагамбетова Тамара

Байқауқатысушыларына бағалы сыйлықтар табысталды және арнайы дипломдар мен алғыс хатпен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: