Бейсенбі, 09 мамыр, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Назарбаевтың келіні жұмыссыз жандарға тренинг өткізбекші

29.05.2023

478 0

Дариға Назарбаеваның келіні, ұлы Нұрәли Алиевтің жұбайы Аида Әлиева жұмыссыз жандарға тренинг өткізетінін мәлімдеді. Бірақ оның бұл бейнеүндеуі желіде қызу талқыға түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аида Әлиеваның бейнежазбасын белгілі журналист Денис Кривошеев Facebook-тегі парақшасында жариялады. Онда ол мемлекеттің байлығын аста-төк жымқырған отбасы мүшелерінің дымсыз қалған халыққа нан табуды үйретуі миға сыймайтынын жазған. 

“Біз осы күнге дейін бұл отбасының қыздарының былығына шыдап бақтық. Енді келесі ұрпақтың кезегі келген бе? Назарбаевтың немересі Нұрәлидің жары Аида Әлиева жұмыссыз халыққа қайдан жұмыс табуға болатынын үйретпекші. Ермек үшін Қазақстанда жиһаз дүкенін ашты. Айдан айға жалақы үшін жұмыс істеп, нәпақа тауып жүрген халықтың ішкі сезімін сезіне алады деп айта алмаймын. Бір қызығы бұл Аида бала кезден оқытуды жақсы көрген екен. Бірақ жылдар бойы елдің байлығын ұрлап, халықтың жалақысын аузынан жырып жиған ақшаға шалқып өмір сүру бір бөлек. Бұл отбасы Қазақстаннан ұмытыла ма десем, керісінше, әрқайсысы түрлі мәлімдемесімен тағы улауды бастапты. Оның тренингтерін әлеуметтік парақшасынан бақылай отырыңыздар. Әрі бүкіл жанұясындағы былықты пікірлер арасына жазып отырсаңыздар тіпті қарсы емеспін”, – деп жазады журналист. 

Сондай-ақ ол осы жазбасының астына Назарбаевтар келіні жариялаған бейнежазбаны да жүктеген. 

«Менде бала кезден өз ойларыммен бөлісуге, үйретуге деген үлкен қабілет бар. Instagram парақшамда сол мақсатта түскен халық сұранысын жиі байқаймын”, – дейді Нұрәли Әлиевтің жұбайы видеосында. 

Дей тұрғанымен Аида Әлиеваның Іnstagram-дағы парақшасында бұл бейнеүндеу жоқ. Өшіріп тастаған.

Назарбаевтың немересінің әйелі жұмыссыз азаматтарға арналған тренингтер өткізбекші.

Нұрали Алиевтің әйелі Аида Алиева жұмыс тауып, әңгімелесуден қалай өту керегін үйрететінін мәлімдеді. Сөзінше, әлеуметтік желідегі парақшасында кері байланысқа шығатындар көп. Алайда көп ұзамай тренинг туралы жазбасын өшіріп тастаған.

Назарбаевтың немересінің әйелі өзін «Insta-жаттықтырушы» деп атамайды. Дегенмен күнделікті оқырмандарымен «таңдауды қалай таңдау керек», «қалай шабыт алу» керегі туралы ақпараттармен бөліседі екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: