Жұма, 19 сәуiр, 16:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

NEET санатындағы жастарды қалай анықтаймыз?

30.06.2021

992 0

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында 28-30 маусым күндері NEET санатындағы жастармен жұмысты ұйымдастыруға бағытталған семинар-тренинг өтті.

Білікті маман, «Қазақстанның жастар қызметкерлері» қауымдастығының төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев «Жастардың санаттарын қалай анықтаймыз? NEET санатындағы жастарды белсенді ортаға қайта қалай бейімдейміз?» деген сауалдарды қамтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-тренинг үш күнге жоспарланып, Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен өңіріміздегі барлық аудандар мен аулдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандары мен ЖРО қызметкерлері (120-ға жуық мамандар) қатысты. Тренинг барысында қатысушылар спикерлермен кері байланыс жасап, тәжірибе алмасты.

Семинар-тренинг соңында Нұрлыбай Наурызбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, арнайы сертификаттарды табыстады.

Аталмыш шаралар «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында өткізілді.

Облыстық жастар ресурстық орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: