Сейсенбі, 07 мамыр, 10:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 35 жыл

28.02.2024

443 0

Бүгін Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына түрткі болған халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 35 жыл толды. Осыған орай Қызылорда қаласы әкімдігі мен «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тағзым» алаңында ядролық сынақтың зардабын жоюға қатысқан азаматтарды еске алу митингісі өтті.

Еске алу шарасына Қызылорда қалалық маслихатының төрағасы И.Құттықожаев, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмаханов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, облыстық «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Әбіш, бірлестік мүшелері, маслихат депутаттары мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Апатты аймақта азаматтық борышын өтеген ардагерлерді еске алуға бағытталған митингіде сөз алған қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, жастарды патриоттық негізде тәрбиелеуге сіңірген еңбектеріне алғысын жеткізді. Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы бүгініміздің бейбіт, ертеңіміздің жарқын болуына тілектестік білдірді.

Шара барысында қатысушылар «Невада-Семей» ядролық сынағының зардабын жоюға қатысқан ардагерлердің рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Барша тұрғындар Сыр жұртшылығының атынан гүл шоқтарын қойып, ардагер сарбаздардың рухына құран бағыштады.

Сынақ даласының зардабын жоюға қатысқан ардагерлерді еске алу шарасынан кейін облыстық «Достық үйінің» мәжіліс залында облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігімен бірге, қозғалыс ардагерлерімен кездесу өтті. Салтанатты шарада қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмаханов қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген бірқатар аға буын өкілдерін облыс әкімінің «Алғыс хатымен» мапараттады.

Сондай-ақ, «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Әбіш бірлестік мүшелеріне 35 жылдық мерекелік төсбелгі табыстады. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: