Жұма, 03 мамыр, 06:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

29.06.2023

607 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған мәселелерді, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгінгі жеке қабылдауға 14 адам келді.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу және жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың мәселелері жіті зерттелетінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Атап айтқанда, 64 жастағы қала тұрғыны облыс орталығындағы Хангельдин көшесін жөндеп беруді сұрады. Бұл көшені жөндеудің жоба-сметалық құжаттары дайындалғанын және шілде айында жөнделетіні түсіндірілді.

Мүгедектер қоғамы ғимаратын күрделі жөндеу және қоғамға инватакси алып беруге қолдау сұраған облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Сағатбек Сиюовтың өтініші бойынша аймақ басшысы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсырма берді. Басқарма басшылығы ғимараттың жағдайымен танысып, жөндеу жұмыстары мен қажетті автокөлік сатып алуды демеушілер көмегімен іске асыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: