Сәрсенбі, 17 сәуiр, 07:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс бойынша жылу желілері жаңғыртылады

29.03.2024

312 0

Облыстық мәслихаттың кезекті ХІІ сессиясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жылу желілерін және қазандықтарды жаңғырту мәселесіне тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Үкіметке төрт ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы жүзеге асыруды тапсырды. Ең алдымен, жұмыс істеп тұрған жылу орталықтарын жөндеу, инженерлік жүйелерді жаңғырту керектігі айтылды. Тозған жылу желілерін азайту үшін жаңғыртудың жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 122,5 млн.теңге қаралуда. Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 МВт болатын жаңа жылу-электр орталығының құрылысы жүргізілуде. Жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асуы үшін жаңа жылу-электр орталығына автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) орнатып, газ құбырын жеткізуге 925 млн.теңге бөлінуде», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Облыстық мәслихат депутаттары жылу желілерін жаңғыртуға қатысты жобаларды қолдады.

Сессияда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төралиев, облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбәраков, облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев, облыстық мәслихат депутаты Балжан Шәменова, облыстық мәслихаттың төрағасы Наурызбай Байқадамов баяндама жасады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: