Сенбі, 20 сәуiр, 14:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 3 сессиясы өтті

14.04.2021

1333 0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 3 сессиясы өтті.

– Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылға арналған облыстық бюджет 411,6 млрд.теңге көлемінде бекітілді. Бүгін міне, облыстық мәслихат сессиясының қарауына 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті 18,9 млрд.теңге сомасында алғашқы нақтылау мәселесін ұсынып отырмыз. Бұл қаржылар 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстық бюджет қаражаты қалдықтарын қайта бөлу, кіріс көзінің ұлғаюы, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің пайдаланылмаған және үнемделген қаржысы есебінен қалыптасып отыр. Атап өтетін жәйт, осы нақтылауда энергетика, құрылыс, автомобиль жолдары, әлеуметтік салалар бойынша алдағы уақытта құрылысы жоспарланып отырған жаңа бастамалардың жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаржы қаралуда, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Атап айтсақ, «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 519 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Қызылорда облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 51 шешіміне өзгеріс енгізу, «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 шешіміне өзгеріс енгізу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әбубәкір Тыныбаевтың есімін беру жөніндегі ұсынысты енгізу және «Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының құрамын сайлау  туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 290 шешіміне толықтыру енгізу туралы сөз болды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай баяндама жасады.

«Қызылорда облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 51 шешіміне өзгеріс енгізу туралы облыс әкімінің аппарат басшысы Ерлан Райғаниев сөз сөйлесе, үшінші мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазылов баяндады.

2020 жылы Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, амбулаториялық дәрілік препараттармен тегін қамтамасыз етілген. Алайда, соңғы жылдары кейбір дәрілік препараттар атталған бұйрыққа енгізілмеуіне байланысты жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіліп келеді. Осы орайда, Сабит Пазылов 2021 жылға әлеуметтік осал топтар арасынан науқастарды нозологиялық аурудың ауырлық деңгейіне байланысты тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді сұрады.

Ал, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасысының басшысы Мұрат Тілеумбетов күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша баяндады.

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және тарифтердің қолжетімділік деңгейі мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастардағы жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік мәні бар тасымалдар деп танылады. Басқарма басшысы ауданаралық бағыттар тізбесін әлеуметтік маңызы бар қатынастар ретінде айқындауды ұсынды.

  «№ 11 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әбубәкір Тыныбаевтың есімін беру жөніндегі ұсыныс бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі соңғы сұраққа қатысты облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов сөз сөйледі.

Облыстық сайлау комиссиясының құрамына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қызылорда облыстық филиалынан Болат Накиповтың кандидатурасы қолдау тапты.

Жиын соңында облыстық мәслихат депутаты Қылышбай Бисенов өңірдегі балабақшаларды қаржыландыру мәселесін қозғаса, Шахизада Әбдікәрімов көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: