Сәрсенбі, 16 қазан, 06:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Өз атыңа кредит алуға тыйым сала аласыз

01.06.2023

1023 0

Қазақстан азаматтарына кредит алуға тыйым салуға мүмкіндік беретін заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дайындап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы ведомствоның Ержан Бейсенбаевтың депутаттық сауалына берген жауабында айтылған.

Өзгерістер азаматтардың банктік қарыздармен микрокредиттерден ерікті түрде бас тарту құқығын бекітеді.

Бұл сервис «электронды үкіметтің» веб-порталында және «eGov Mobile» мобильді қосымшасында іске асырылады.

Жеке тұлғаның кредит тарихында несиеден ерікті түрде бас тарту туралы белгі болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредит беруге жеке тыйым салынады.

Ал егер өзіне тыйым салған адамға кредит берілсе, ол кредит бойынша міндеттемеден босатылады.

Ведомствоның мәліметінше, заңнамалық түзетулер қаржы нарығына қатысушылармен келісіліп қойған,қазір мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімі өтіп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: