Бейсенбі, 10 қазан, 09:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Өзбекстанның бас консулы Қызылордаға келді

20.05.2021

1945 0

Бүгін Өзбекстан Республикасының Бас Консулы Аброр Фатхуллаев Сыр өңіріне іс-сапармен келді. Достық үйімен танысып, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова және өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелерімен дидарласты.  

Алдымен олар Достық үйінің мұражайын көріп, онда түрлі этнос өкілдерінің көпғасырлық тарихымен және мәдениетімен танысты. Өзбекстан елінің Бас Консулы Аброр Фатхуллаев кіріспе сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған әлемде теңдесі жоқ қоғамдық институтының маңыздылығына тоқталып өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова Қызылорда облысында этносаралық келісімді нығайту саласында этномәдени бірлестіктер мен азаматтық институттардың өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл бөлінгендігін және Достық үйі бейбітшілік пен келісімнің, жарқын бастамалардың және көпфункционалды ресурстық орталықтардың орны екендігін атап өтті.

Өз кезегінде Аброр Фатхуллаев жұмыс сапарының мақсатымен бөлісіп, өзбек этнос өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жылы жүздесуде бірлестік өкілдері өзбек тілін оқыту курстары ашылса, өзбек этносының үздік оқушыларына бауырлас елдегі лагерьлерге жолдамалар қарастырылса, кәсіпкерлік бағытында бірлескен жұмыстар жоспарланса деген ұсыныстарын ортаға салды. Ал, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова Өзбекстан еліндегі аналармен өзара тәжірибе алмасып, ҮЕҰ-мен байланыс орнатуға Консулдық тарапынан қолдау болса деген пікірін айтты.

Барлық ұсыныс-пікірлерді қаперіне алған Бас Консул ыстық ықыласпен қарсы алған бауырластарына ризашылығын жеткізіп, 2016 жылдан бері өзбек этномәдени бірлестігіне жетекшілік етіп келе жатқан Қахар Дадашевқа қоғамдық келісім мен екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты берік ету жолындағы зор еңбегі үшін Алғыс хат табыстады. Сонымен бірге Өзбекстанның «Янги Узбекистон» газеті, «Шарқ Юлдузи» журналы мен бірнеше құнды кітаптарын сыйға тартты.

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыста өзбек этносының 1500-ға жуық өкілі тұрады. Олардың барлығы өңіріміздің дамуына сүбелі үлесін қосып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: