Сенбі, 20 сәуiр, 09:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Оқушылар арасында автомат шашу, тир ату жарысы өтті

11.05.2021

2511 0

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Шиелі ауданында «Жастарға патриоттық тәрбие беру және жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау әлеуметтік қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында «Әскери патриоттық жастар арасында автомат шашужәне тир ату» жарысыөтті.

Аталған шара Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы мен Қызылорда облысының жастар Одақтары қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шиелі аудан орталығындағы №46 мектеп-лицейде карантиндік талапқа сай ұйымдастырылды.

Сайысқа аудан орталығындағы 9 мектептен барлығы 20 оқушы қатысты. Жарыс өте тартысты өтіп, нәтиже бойынша №244 орта мектеп оқушысы Ержан Ермекбаев автомат шашу сайысы бойынша 3-орынды, №127 орта мектеп оқушысы Элина Жанаева 2-орын, 1-орынды №252 орта мектеп оқушысы Ким Борис иеленді.

Тир ату сайысы бойынша Еркебұлан Бейсенбек 3-орын, №244 орта мектеп оқушысы Дилназ Мақсұт 2-орын, №127 орта мектеп оқушысы Виктор Майоров 1-орын алды. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: