Жұма, 29 наурыз, 11:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Оразаға дейін 40 күн ішімдік ішпей тазалану дұрыс па? Нұрлан имам жауап берді

15.03.2023

1395 0

Нұрлан имам Ораза кезінде ішімдік ішуге қатысты ел арасында тараған қауесетке жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша, Оразаға дейін қырық күн бойы ішімдік ішпеу керек деген сөз – қате сөз. Оның Оразаға ешқандай қатысы жоқ.

«Оразаға дейін қырық күн, оразадан кейін қырық күн ішпеу керек деген қаншалық дұрыс айтылған? Қате сөз. …Шамамен, Оразадан қырық күн бұрын санап тұрып ішпеу керек, Оразадан кейін құтылдым-ау дегенде қырық күннен кейін іше бер деген сияқты сөз – ең қате сөз. Қазір елдің ішінде осындай сөз бар. «Ораза кезінде ішіп қойсаң, Ораза ұстамайсың» деген. Жоқ. Ораза ұстай бересіз. Ондай түсінік жоқ. Сіздің ішуіңіздің Оразаға қатысы жоқ. Ішпеуіңіз керек былай да»,- дейді ол.

Желі қолданушылары да оның пікірін құптаған.

«Мүлде ішпеңдер», «Шама келсе мүлде ішпеу керек», «Өте орынды айтты», «Әр адамның иманы әрқашан жүректе болу керек, Ораза кезінде ғана емес», – дейді пікір жазғандар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: