Жұма, 26 сәуiр, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Отбасы – ұлт тірегі

12.05.2023

859 0

Бүгін облыстық Жастар ресурстық орталығы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірлесе ұйымдастыруымен «15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орай «Отбасы – ұлт тірегі» атты облыстық жас отбасылар форумы өтті. Форумға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай, Жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Оспанұлы Тілесов қатысып, отбасылық тәрбие негіздері, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мәселелелеріне кеңінен тоқталды.

Қоғамның назарын отбасы проблемаларына аудартып, жанұялық құндылықтарға тәрбиелеу және өзара байланысты нығайту мәселелерін қозғаған форумның басты мақсаты – жас отбасыларға жан-жақты қолдау білдіру, отбасы институтын қайта жаңғырту, ұлттық менталитетке негізделген жүйе мен келісім қалыптастыру болды.

Форумға арнайы қатысқан «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы ата-аналар мен балалардың санасын оятып, психологиялық-педагогикалық білімдері мен дағдыларын арттыруға соңғы екі жылда ерекше үлес қосып, өскелең ұрпақтың мәселелерін шеше алатын алаңға айналып үлгерген қоғамдық бірлістіктің жұмысымен таныстырды.

Сонымен қатар, жастар орталығының психологы Гулжайна Габитовна ерте жастан ана атану, ажырасу, отбасындағы кикілжің секілді отбасылық өмірдің түйткілді мәселелерін сөз етіп, жастарға психологиялық кеңестер берді.

Шара барысында А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханасы «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шара қонақтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Форум соңы онерпаз жастардың әсем әні мен биіне жалғасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: