Жексенбі, 12 мамыр, 00:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Перзентханадан шыққан ана нәрестесімен қар құрсауында қалған

22.02.2024

509 0

Фото: turkystan.kz

Павлодар облысында тұрғындар қар құрсауында жаңа туған нәрестемен қалып қойған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Кейінгі күндері өңірде қатты аяз болып, боран соғып тұр. Тәртіп сақшылары тәулік бойы патрульдеу жүргізеді, әсіресе, тасжолдарды қарайды.

Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде Кемеңгер ауылының учаскелік уинспекторы Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалған лимузинді тапқан. Жүргізуші жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанын, бірақ қарға кептеліп қалғанын түсіндіріпті.

Учаскелік инспектор көлікті қардан шығаруға көмектесіп, арқанды көлікке байлап, шығарып алып, үйіне дейін апарды. Көлік жүргізушісі мен оның жолаушылары учаскелік полиция қызметкеріне алғыс айтты.

«Сәби анасымен бірге үйіне аман-есен жетті, оларды туыстары қарсы алды», – деді полиция қызметкері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: