Сенбі, 27 шiлде, 05:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Полицейлер модель қыздарды бопсалаған

19.02.2024

582 0

Сурет: stan.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Шымкентте екі экс-тергеуші модель қыздардың ашық суреттері мен видеоларын ата-анасына көрсетемін деп бопсалап, 300 мың теңге сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция майоры мен лейтенанты сонымен қатар модельдік агенттіктің қыздарын түрмеге қамаймыз деп те қорқытқан. Олар бопсалаудан соң, пара алу барысында жеке кабинетінде ұсталды.

Сотта айыптаушы сотталушыларға нақты мерзім беруді талап еткенімен, полиция қызметкерлері отбасы мен кәмелетке толмаған балаларының барын алға тартып, бас бостандығынан айырмауын сұраған.

«Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайлардың болуын аңғарды. Олардың біреуінде төрт кішкентай бала, ал екіншісінің асырауында 2-топтағы мүгедек анасы бар. Сондай-ақ жәбірленушімен татуласу жайы да ескерілді. Алайда антты бұза отырып қылмыс жасағаны үшін сотталушылар кінәлі деп танылды», — деді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сот шешімі бойынша полицейлер атағынан айырылып, әрқайсысына 10,5 миллион теңгеден айыппұл салынды. Одан бөлек, олар өмір бойы мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: