Сенбі, 27 сәуiр, 23:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Польшада Димаш Құдайбергенге арналған радиостанция іске қосылған

21.06.2023

999 0

Польшада әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне ашылған радиостанция үш жылдан бері жұмыс істейді екен. Алайда бұл жөнінде қазақстандықтар енді біліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Радио толқынында тыңдарман Димашты ғана емес, сондай-ақ барша қазақстандық әншілерді тыңдап, шығармашылығымен таныса алады. Эфир барысында қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті жайлы айтылып, дәріптеледі.

Димаштың құрметіне радиостанция ашу –  өнер иесінің польшалық жанкүйерлерінің бастамасы. Олар өздерінің БАҚ саласында тәжірибесінің жоқтығына қарамастан ойға алған дүниені жүзеге асырып, жүре үйренген. Есесіне, бүгінде радиостанция аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат бүкіл әлемге хабар таратады. 

“Мен Димаштың шығармашылығымен Singer байқауының арқасында таныстым. SOS – керемет ән! Бірден қызығушылық танытып, “Димаштың келесі концерті қайда болса да, мен оның дауысын өз құлағыммен естуім керек” деп шешім қабылдадым. Араға бір ай салып Димаш Лондонда концерт берді, мен де бардым. Кейін маған радиостанция ашу керек деген ой келді. Біздің демеушілеріміз жоқ, бізге жанкүйерлер көмектеседі. Редакторлар, жүргізушілер, менің өзім де тегін жұмыс істейміз”, – дейді “Димаш” радиосының негізін қалаушы Збигнев Кужинский.

Радио толқында Қазақстандағы айтулы оқиғалар мен мейрамдары да атап өтіледі. Соған сәйкес тамыз айында Абай Құнанбаевқа арналған тақырыптық хабарлар болады. Димаштың шырқаған әндері мен жалпы қазақ халқынығң мәдениетін түсіну үшін радиода қазақ тілін үйрететін сабақтар да ашылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: