Жұма, 29 наурыз, 18:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Президент тапсырмасы: Болашақ ұстаздарға қойылатын талап күшейтілді

27.04.2021

8459 0

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кеңес алаңында айтқан тапсырмаларының тағы бір парасы іске асқанын жария етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында педагог мамандығына оқитын студенттердің шәкіртақысын көтеру туралы тапсырма берілгенін еске салды.

«Педагогика мамандықтарына түсуге қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен арттыру қажет. Мамандықтың беделін биіктету мақсатында болашақ ұстаздардың шәкіртақысын 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтеру керек», – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жазбада педагог мәртебесін көтеру бағытында атқарылған өзге де игі істер туралы мәлімет берілген.

Атап айтсақ, педагогикалық бағыт бойынша оқуға түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 60-тан 70-ке көтерілгені, шәкіртақыны арттыру үшін 2020-2023 жылдарға республикалық бюджеттен 17,6 млрд теңге бөлінгені, докторанттардың шәкіртақысы 104 498 теңгеден 150 мың теңгеге артқаны нақты көрсетілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: