Жұма, 19 сәуiр, 00:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтар көшет отырғызды

28.04.2021

1978 0

Қармақшы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Жосалы кентіндегі «Жастар саябағына» ағаш көшеттері отырғызылды. Ағаш көшеттерін отырғызуға аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жастар мен ерікті жастар атсалысты.

Аудандық пробация қызметінің бастығы Е.Әбілдаевтың айтуынша, пробация есебіндегі сотталғандар игі істерге белсене қатысады екен. Алдағы уақытта да жазасын өтеп шыққандар тарапынан жас ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жалғасатынын және баптап күтімге алуды жоспарлап отырғандығын айтты.

– Қазақ «Бір тал кессең, он тал ек» деп бекер айтпаған. Бұл  игі бастамаға біз де өз үлесімді қоссақ деп ойлап, көшет отырғызуға келдік. Әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Сондықтан да отырғызылған ағаш көшеттерін көздің қарашығындай сақтап, баптап-күту біздің міндетіміз. Ауданымыздың гүлденіп, көркеюі үшін қолымыздан келгенше көмек қолын созамыз, – деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: