Бейсенбі, 02 мамыр, 21:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі Тасбөгет кентіндегі нысандарды аралады

18.02.2024

355 0

Сурет: видео скрин

Шаһар басшысы алдымен №4 қалалық емханаға барып, дәрігерлермен кездесті. Кездесу барысында бір ауысымда 500 адамға қызмет көрсетіп отырған емхананың қазіргі жағдайын ескере отырып, қосымша ғимаратқа көшіру мәселесі талқыланды. Қала әкімі бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Әрі қарай қала әкімі аумағы 13,5 га болатын бейіт орнымен танысып, бейіт айналасын қоршау жұмыстарына қажетті жұмыстарды пысықтады.

Сонымен қатар, кенттегі КОПЭС саяжайына баратын жолды көрді. Қазіргі уақытта ұзындығы 5,5 шақырым болатын көшеге орташа жөндеу жұмыстары үшін жоба сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржы күтілуде.

Серік Салауатұлы кенттегі орташа жөндеу жүргізілетін және жаяу жүргінші жолдарын, жарықтандыруды қажет ететін көшелерді де аралап, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу мүмкіндіктері қарастырылатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, қала әкімі кентте орналасқан кәріз суларды модульді биологиялық тазарту станциясына барып, ондағы жұмыс процесін көрді. Көптен бері тұрғындардың өзекті мәселесіне айналған тазарту станциясынан қысымды коллекторлар арқылы кәріз суларды Титов қыстағында орналасқан биологиялық тазарту станциясына дейін бұру жұмыстарының жоба сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі таңда сараптаманың оң қорытындысы күтілуде. Осы жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде Тасбөгет кентіндегі кәріз сулардың жағымсыз иісінің мәселесі толығымен шешілетін болады.

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: