Сенбі, 27 сәуiр, 09:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімінің отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

07.05.2021

1941 0

Құрметті жерлестер!

Қадірлі сарбаздар мен Қарулы күштердің ардагерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Шебі бүтін, шекарасы берік қасиетті қазақ елі тәуелсіз­­дігін алған 30 жылда Қарулы күштердің дамуына әрдайым ерекше мән беріп, еліміздің қорғаныс қабі­летін нығайту жолында қуатты армия құрды. Халқы­мыз­дың негізгі құндылықтары болып саналатын Тәуелсіздік пен тұрақтылықты, бірлікті, мызғымастай татулықты сақтап, бейбіт күнде батырлыққа тең ерлік көрсетіп жүрген Отан­ды қорғауды өздерінің кәсіби міндеттері ретінде таңдаған осы саладағы барлық жандарға шынайы құрмет сезімінің болуы заңдылық деп білемін. Қазақстан армиясы туған өлкенің ты­ныштығын күзетуде асқан қырағылық танытып, қалтқысыз қызмет атқарып келеді. Әлемді әбігерге салып, жер жүзіне тараған қауіпті індет кезінде де осы әскери­лер құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, панде­мияға қарсы іс-шаралардың алдыңғы шебінде болды.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Туған жерін қорғау батыр баба­ларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес өсиеті болса, бүгінгі сайыпқыран сарбаздарымыз ата-бабаларымыздың ер­лік дәстүрін лайықты жалғастырып келеді десек, қате айтқандық емес.

Қадірлі Отан қорғаушылар!

Қазақстанның Қарулы күштері бүгінде халқы­мыздың берік қорғанына, сенімді тірегіне айналды. Сіздердей қырағы қорғаушыларымыз бар кезде бейбітшілігіміздің баянды, тәуелсіздігіміздің тұ­рақты боларына сенім мол.

Осынау ержүрек және қайсар жандардың ме­ре­ке­сінде Отан қорғаушыларға зор денсаулық, қызметтері мен еңбектеріне табыс, шаңырақтарына шаттық, бақ-береке тілеймін!

Әрқашан тірлігіміз тату, бірлігіміз бекем болғай!

Құрметпен,

Қызылорда қаласының әкімі  

Ғанибек Қазантаев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: