Бейсенбі, 09 мамыр, 10:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қаңғыған иттер екі адамды талап тастаған

05.03.2024

395 0

Сурет: el.kz

Қаңғыған иттер талаған екі адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға Жамбыл облысында орын алған – деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл маңынан өтіп бара жатқан жолаушылар 20 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызды иттер талап жатқан жерінен құтқарып қалды. Қала маңындағы Барысхан алқабында мектеп оқушысы иттердің жемтігіне айнала жаздады. Жеткіншекті көршілері құтқарып қалған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Жамбыл облыстық ветеринария басқармасы иттер шабуылдаған екі аймаққа да арнайы бригада жіберіліп, жүзге жуық иттің көзін жойдық дейді.

Жамбыл облысы ветеринария станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабит Кебеев тек қаңғыбас ит қана емес, жер үйдегілердің де иті қөбінесе байланбайды дейді.

Оның айтуынша, зардап шеккен адамдардың жартысынан көбісін иесі бар ит талаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: