Жұма, 29 наурыз, 11:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қарағанды облысында молда 14 жастағы қызды зорлап келген

28.07.2021

1451 0

Бұрын молда болған ер адам жасөспірім қызды зорлағаны үшін 20 жылға сотталды. Бұл туралы Вечерняя Караганда хабарлады.

Қарағанды облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сот 14 жастағы қызды зорлаған 40 жастағы ер адамға үкім кесті.

Белгілі болғандай, қыз бірнеше рет зорлық-зомбылыққа тап болып, ақыр соңында жүкті болып қалған.

Сот ер адамның Қарағанды облысы ауылдарының бірінде молда болып жұмыс істегенін хабарлады. Сондай-ақ ол қыз тұрған үйдің отбасына көмек көрсетіп жүрген көрінеді.

Ол қызды алғаш рет 2020 жылдың қаңтарында зорлаған. Сол кезде үйде ешкімнің болмағанын пайдаланған педофил арам пиғылын іске асырған.

Кейіннен бұл жағдай ақпан, наурыз, маусым айларында қайталанған.

Сотталушының кінәсі дәлелденді. Сотта зардап шеккен жасөспірімнен, оның заңды өкілдерінен, куәгерлерден жауап алынды. Жүргізілген сараптама нәтижелері зерттеліп, іс бойынша айғақтар жинақталды. Прокурор сотталушыны ҚР ҚК 120-бабы, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Зардап шеккен тарап прокурордың шешімімен келісті, – делінген сот хабарламасында.
Педофил өз кінәсін жартылай мойындады. Десе де 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі қатаңдатылған түрмеде өтейді.

baq.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: