Сенбі, 27 сәуiр, 18:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қарауылтөбе ауылдық округінің мәселелері шешілуде

11.03.2024

238 0

Сурет: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Еркін Ахетов 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып өтті.

  • Өткен жылы ауылдық округтің жаңадан қоныстанушы аумағындағы 14 көшеге қиыршық тас төселіп, 1,3,5 көшелеріне жарық бағаналары орнатылды. Округтің кіре беріс автокөлік жолына және Байсейітов көшесіне, сондай-ақ, Ж.Әбдіхалықов, А.Құнанбаев және Желтоқсан көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында А.Иманов тұйығы мен А.Құнанбаев көшесінің аяқ жағы жарықтандырылды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Желтоқсан көшесіне асфальт төселді. Электр желілерін жаңарту бағытында, 8 дана КТПН, 15 км құрайтын электр бағаналары орнатылды. 150 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілді. Ал, биыл жаңадан қоныстанушы аумақтағы 12 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады, – деді ауылдық округ әкімі Еркін Әбдірайханұлы.

Жалпы, ауылдық округте 119 кәсіпкерлік нысан нақты жұмыс істеуде. Өткен жылы ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар аясында бірқатар жобалар ұсынып, нәтижесінде кәсіп бастағандар қатары 19-ға толыққан. Яғни, «Іскер» бағдарламасы аясында 5 жоба қаржыландырылса, «Аграрлық несие корпорациясы» бағдарламасы аясында 2 жоба және жастарға арналған 2,5%-дық несие беру бағдарламасы арқылы 2 жоба мақұлданды. Ұлттық жоба шеңберінде екінші деңгейлі банк арқылы жеңілдетілген несиеге 1 жоба қолдау тапты. Бұдан бөлек, Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған бағдарлама аясында 3 жоба мемлекеттік грантқа ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: