Жұма, 10 мамыр, 01:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қармақшыда ағаш отырғызу акциясы өтті

24.03.2024

196 0

Сурет:өңірлік коммуникациялар қызметі

«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Тазару күні – азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.

Кешегі жастар саябағында өткізілген ағаш отырғызу акциясына аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты.

Аудан басшысы өзінің сөзінде аудан тұрындарын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосуға шақырып, игі істерге жұмыла ат салысуға үндеді. Сондай-ақ, жасыл желектерді сақтап, табиғатты аялау шаралары тағылымы мен тәрбиесі жоғары жұмыстың бірі екенін жеткізді.

Табиғат тазалығын сақтауды үндеген акцияда жиналған жұртшылық жұмыла ағаш отырғызып, ардагерлер бата беріп, ізгі тілектерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: