Сәрсенбі, 23 қазан, 02:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84-2094
22.10.2024
PDF мұрағаты

Қазантаев: «Бұл мәселе шешіледі»

30.06.2021

1189 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында қоғамдық көліктердегі жолақы мәселесі көтерілді. Аталған мәселені халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қызылорда облыстық филиал төрағасы Сәдуақас Аңсат әкім назарына ұсынып, маңызын тарқатты.

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда қаласындағы ересектерге жолақы бағамы 90 теңгені құрайды. Сондай-ақ зейнеткерлерден «Қызылорда автобус паркі» ЖШС жолақының жартысын, яғни 45 теңге алса, жеке қоғамдық көліктер толық төлеуді талап етеді.

Қоғамдық көлік жолақысына қатысты өзге де олқылықтарды тыңдаған шаһар басшысы мәселенің жақын арада шешілетінін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: