Сәрсенбі, 08 мамыр, 09:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан бойынша айт намазының кестесі жарияланды

05.04.2024

428 0

Сурет: stan.kz

Рамазан айының да аяқталуына санаулы күндер қалды. 10 сәуір – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана және Шымкент қалаларында айт намазы 10 сәуірде сағат таңғы 07.00-де, ал Алматыда сағат таңғы 06.30-да оқылады.

Айта кетейік, Ораза айт (араб — ‘ид әл-фитр) — ораза ұсталатын Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Исламдағы екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: