Сәрсенбі, 24 сәуiр, 03:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

23.07.2021

863 0

Алдағы үш күнде оңтүстік өңірлердің тұрғындары аптап ыстыққа дайын болуы керек деп ескертті синоптиктер.
Қазгидромет республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қатты ыстық болатынын хабарлады.
Болжам бойынша, алдағы үш күнде елдің солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады. Мұндай ауа райы атмосфералық ауа ағымдарының өтуімен байланысты.
«24 шілдеде Қазақстанның батысында, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде солтүстікте найзағай жарқырап, нөсер жауын жауады, екпінді жел соғады, бұршақ, дауыл болжануда», – делінген хабарламада.
Оңтүстік пен оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады.
Күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста ауа температурасы 38-46 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Ал солтүстікте, керісінше, 32-40 градустан біртіндеп 20-30 градусқа дейін түседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: