Бейсенбі, 02 мамыр, 18:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күнін бекіту ұсынылды

19.03.2023

1114 0

Қазақстанда Аналар күні мен Әкелер күні бекітілуі мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ашық НҚА» порталында заң жобасы жарияланды, оған сәйкес Қазақстанда екі жаңа мерзім бекітілуі мүмкін. Мерекелердің тізбесіне өзгерістерді Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті дайындаған.

Ақпаратқа сүйенсек, Аналар күнін мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісінде тойлау ұсынылған. Ұсынысты қоғамдық талқылау 5 сәуірге дейін жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін елімізде Ұлттық баспасөз күнін бекіту туралы ұсыныс жасалған еді. Ол 2 ақпанда тойланады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: