Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда «Күміс жас» бағдарламасына қатысу 50-ге дейін қысқартылмақ: Жоба елге не береді

12.09.2022

1190 0

Зейнеткерлік жасына жақындаған жұмыссыз әйелдерді қызметпен қамту шаралары мақсатында министрлік «Күміс ғасыр» жобасын жүзеге асыруда. Бағдарлама қазір 58 жастан бастап іске асырылса, келесі жылдан бастап бұл жобаға 50-ден асқан адамдар қатыса алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жоба әйелдерді жеке көмекші, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, жас жұмысшыларға тәлімгер және т.б. қызмет түрлеріне жұмысқа алады. Келесі жылдан бастап оған 50 жастан асқан адамдар қатыса алады.

Бұл жобаға қатысу барысында еңбек өтілі де ескеріледі. Ал 30 АЕК (2023 жылы 100 мың теңге) мөлшеріндегі төлем сомасы зейнетақыны есептеу кезінде табыс ретінде ескеріледі.

Осылайша, аталған санаттағы әйелдер зейнеткерлікке шыққанда қазіргідей 20 000 теңге емес, жобаға қатысу ұзақтығына қарай 70 000 теңгеге дейін алатын болады.

Жаңа шарт 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ғана төлем алатын адамдар үшін енгізіледі.

Бұл жүйе бойынша төлемдер жұмыс берушілердің өз жұмыскерлерінің пайдасына енгізген қосымша жарналары есебінен төленеді.

Осылайша, қабылданып жатқан шаралар тек қазіргі ғана емес, болашақ зейнеткерлерді де барабар зейнетақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: