Жұма, 26 сәуiр, 14:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда тағы бір байланыс операторы пайда болады

22.04.2021

1752 0

Оператор «Транстелеком» компаниясынан ашылады.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «Қазақпарат» ХАА АҚ ұжымымен кездесу барысында айтты, деп жазады baq.kz.

«Қазір біз нарықта үшінші оператордың пайда болуы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ онда бір проблема туындап отыр. Ол радиожилікке шыға алмай отыр. Радиожиілік алайын десе, оған «алдымен рұқсат ал» дейді. Ал рұқсат алуға барса, «сен алдымен радиожиілікке қол жеткіз, сосын рұқсат береміз» дейді. Сондықтан радиожиілікті алуға мүмкіндігі болмай отыр. Біз қазір осы мәселелерді шешіп жатырмыз. Құдай қаласа, келер жылы ұялы байланыстың тағы бір операторы пайда болады», – деді ол. Жұманғарин атағандай, оператор «Транстелеком» компаниясынан ашылады.

«2025 жылға таман ол нарықтың 5 пайызына ие болады деп болжап отырмыз. Бірақ мұны есептер растамады. Операторларда жылдам өсу байқалатынын айта кету керек. Сондықтан оператор 2025 жылға дейін біз нарықтың 2,5 пайызын ол алуы керек деп отырмыз», – деді ол.

Агенттік төрағасы «Транстелеком» компаниясы ауылдық жерлер мен темір жол аясындағы аймақтарға қызмет көрсететін жеке меншік компания екенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: