Жексенбі, 13 қазан, 04:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы Ауғанстан елшілігінің ғимараты тәліптерге берілетін болды

17.04.2023

561 0

Қазақстан Ауғанстанның жаңа әкімшілігі дипломаттарын аккредиттейтін болды. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Ауғанстанның жаңа әкімшілігі бізге дипломаттарды аккредиттеу туралы өтініш жолдады. Біз оларды тіркеу жөнінде шешім қабылдадық. Айта кетейін, 2021 жылдың тамызында бұрынғы режим құлаған соң елде «билік вакуумы» пайда болды. Ауғанстан Ислам Республикасының шетелдегі елшіліктері бұл мемлекеттің атынан өкілдік етуін тоқтатты», – деді Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ауғанстан мәселесі әлі де халықаралық қауымдастықтың қызу талқылауында болатынын атап өтті.

«Кеше Самарқан қаласында Ауғанстанмен көршілес елдердің кезекті кездесуі өтті. Біз Ауғанстанның біртұтас болғанын әрі көркейгенін қолдаймыз. Ауғанстанның жаңа әкімшілігі өкілдерінің бізге келуі – мойындау дегенді білдірмейді. Бұл мәселе БҰҰ-ның құзырында қалады», – деп атап өтті Айбек Смадияров.

Сонымен бірге, ол осындай миссиялар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей, Қытай, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері және Пәкістанда бар екенін еске салды.

Айта кетейік, 2021 жылы Ауғанстанның билігіне келген «Талибан» – Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар қатарына жатқызылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: