Сәрсенбі, 17 шiлде, 15:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық орында діни киім киген қазақстандықтарды жазалау туралы заң қарастырылмақ

14.06.2024

372 0

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи парламентте қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі талқыланып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда діни киім киюге тыйым салу мәселесі өзекті болып тұр.

“Бүгінде біз үшін ең маңызды мәселе – еліміздің ұлттық мүддесін, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетімізді сақтап қалу. Қазіргі қоғамда қара киім киген қазақтар көбейіп жатқанын байқаймыз. Бұл жағдай біздің болашақ ұлттық мүддемізге үлкен зиянын тигізеді”, – дейді Ермұрат Бәпи.

Ол тиісті заң жобасы алдағы сессияда парламентке енгізілетінін айтты.

“Сондықтан біз, бір топ депутат осындай заң жобасын дайындадық. Ол парламентте күзгі сессияда ұсынылады. Қоғамдағы хиджаб, никаб және басқа да діни киімдер мәселесі осы заң қабылдағаннан кейін шешімін табады деп ойлаймын. Сонда ғана біз діни киім кию мәселесін реттейміз”, – дейді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: