Бүгін Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында су тасқынын жоюға атсалысқан құтқарушыларды салтанатты түрде күтіп алды. Сыр құтқарушылары апат аймағында су тасқынына қарсы қарқынды жұмыс жасап, тұрғындарды оқшауландырып, су қоймаларының көтерілуін бәсеңдетуге ат салысты. Су басқан өңірлерде қызмет еткен 80 қызметкер отбасына оралды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!