Жұма, 19 сәуiр, 17:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: Биыл аймақ халқының 67,4% көгілдір отынның игілігін көреді

10.06.2021

1482 0

Жыл соңына дейін қызылордалықтардың 67,4 пайызы көгілдір отынның игілігін көреді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баспасөз конференциясында айтты.

«Үкімет қолдауының арқасында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де шешілуде. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 97%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, 65%-ы табиғи газ тұтынады. Жыл соңына дейін аймақ халқының 67,4 %-көгілдір отынның игілігін көреді», – дейді аймақ басшысы.

Су, кәріз желілерін салу және қайта жаңғырту бойынша құны 1,4 млрд. теңгенің  жобалары жүзеге асуда (РБ – 1,3 млрд теңге; ОБ – 0,1 млрд теңге), 400 шақырым болатын жол, көпір өткелдері мен көшелерді жөндеуге және салуға 17 млрд-тан астам теңге бағытталды (РБ – 8,1 млрд теңге; ОБ – 9,2 млрд теңге), бұл жақсы деңгейдегі жолдардың үлесін 70%-дан 75%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Birgemiz: Taza Alem», «Таза Табиғат» жалпыұлттық жобалары аясында «ЭКО – Қызылорда патрулі» жобасы жұмыс жасауда.

Рұқсатсыз қоқыс полигондары туралы хабарламаларға волонтерлерді тарта отырып, жедел шаралар қабылдануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: