Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің хабарламасын орындады

30.06.2023

648 0

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Қызылордаэлектртаратутораптарыкомпаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қогам) қызметіне мониторинг жүргізді.

Департамент Қоғамның 2020-2022 жылдар кезеңіндегі қаржы-шаруашылық есептілігін зерделеді, оған сәйкес осы қоғамның ақшалай қаражаты электр энергиясын беруден, есепке алу аспаптарын жасаудан, электр энергиясын қосудан, профилактикалық сынақтар жүргізуден, құрылыс-монтаждау жұмыстарынан, техникалық қызмет көрсетуден, электр энергиясын бөлуден, сондай-ақ ғимараттарды жалға беруден түскені анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес ғимараттарды жалға беру коммуналдық меншіктегі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлеріне жатпайды.

Алайда, Қоғам осы уақытқа дейін өзінің жарғысында, сондай-ақ жоғарыда аталған Қаулыда көзделмеген өз ғимараттарын жалға беру бойынша қызмет түрімен заңсыз айналысқаны анықталды.

Осыған байланысты, Қоғам құрылтайшысы болып табылатын Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына Жарғыда көзделмеген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1095 Қаулысына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін Қоғамның орындауын тоқтату және Қоғамның қосымша қызметтермен, яғни өз жарғысында көзделмеген қызмет түрлерімен айналыспауын қадағалаутуралы Хабарлама жіберілді.

Бүгінгі күні Хабарлама Қоғам ғимараттарын жалға алудың бұрын жалға алушылармен барлық шарттарын бұзу туралы келісімдер жасасу арқылы толық орындалды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті Марат Айтхожа

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: