Жұма, 29 наурыз, 03:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы тағайындалды

30.06.2021

823 0

Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымына Мақашов Сұлтан Ысқақұлы тағайындалды.

Сұлтан Мақашов 1961 жылы туған. Қазақ химия-технологиялық институтын және Қызылорда экономика, экология және құқық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы Қазалы ауданы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатында слесарь ретінде бастаған.

1984-1992 жылдары – Қазалы аудандық №86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб.

1992-1995 жылдары – №2 азаматтық құрылыс мекемесінде бас инженер, №86 жылжымалы механикаландырылған колоннаның жоспарлау бөлімінің бастығы.

1995-2015 жылдары – Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі, Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы Қазалы филиалының директоры, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары.

2015-2020 жылдары – Қармақшы және Жаңақорған аудандарының әкімі болған.2020 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: