Сәрсенбі, 01 мамыр, 17:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында көп балалы ана қамыс сатып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр

29.06.2023

2290 0

Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны, көп балалы ана Венера Тайлақбаева қамысты кәдеге жаратып, табыс тауып отыр. Ел естімеген кәсіпті қолға алған ол ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр екен. Ал өніміне қызығушылық танытқан шетелдіктер көп дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Венера Тайлақбаева – 10 бала тәрбиелеп отырған ана. Бұрын жолдасымен теміржол саласында жұмыс істеген. Ал бинеспен шұғылдануды пандемия кезінде бастаған. Интернет арқылы мәліметтер жинап, Германияда қамысқа сұраныстың жоғары екенін білген. Тіпті құны алтынмен тең дейді. 

“Немістердің айтуы бойынша, бұл қамыспен үйдің төбесін бапса, қарапайым темір шатырға қарағанда адам жасын 20 жылға ұзартады екен. Мұнымен барлық шетел азаматтары үйінің төбесін жаба алмайды. Жұмысы қымбат, қолжетімді емес. Сондықтан көбіне байлар ғана қамыспен үйінің төбесін жабады”, – деді Венера Тайлақбаева. 

Кәсіпкердің пайымдауынша, өзге мемлекеттермен салыстырғанда Сырдың қамысы өте сапалы. Сондықтан бүгінде Германиядан ғана емес, Дания, Франция, Италия, Ангиядан сұраныс жоғары. Оны әзірлеп жіберу де оңай шаруа емес. Шөптің ұзындығы 1,5 метрден кем болмауы керек. Ал мұнда тер төгіп жүрген 15-ке жуық жұмысшы күніне 100-150 бау қамыс әзірлейді.

“Еңбекақыңды адал аласың. Баяғыда сыртқа кететін едік. Қазір жұмыс ауылдың інішде. Өзімізбен-өзіміз ешкім мазаламайды. Қазір баулау жұмысы, ертең мұның да маусымы бітеді. Қамыс шабу маусымы басталады. Онда да көмектесеміз. Ол кезде де еңбекақымызды аламыз”, – деді жұмысшы Көбейсін Балымбетов.

Кәсіпкер әкімдіктен қамысты алқаптың 2 мың гектарын жалға беруді сұраған. Егер жоспары жүзеге асса, шетелдік технологияны өзі жүзеге асыруға ниетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: