Жұма, 19 сәуiр, 20:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қалалық мәслихатының үндеуі: Ағаш отырғызу парыз және сауапты іс!

13.04.2021

1701 0

Бүгінде  экологиялық ахуалды оңалтудың жалғыз жолы – ағаш егу, қоршаған ортаны күтіп ұстау.  Ауадағы улы газды өзіне сіңіріп, оттегін бөлетін, даланы шөлге айналудан сақтайтын  –  айналамызды ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛДЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖОҒАРЫ.

Бұл ретте, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың2020 жылғы 1 қыркүйектегі  Жолдауында«Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе   ретінде атап өтіп,  бес жыл ішінде орман алқабында 2 мил­лиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу қажеттігін атап өтті.

  ТУҒАН ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ – АЙНАЛАНЫ КӨРКЕЙТУГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУМЕН ӨЛШЕНЕДІ.

Сондықтан, БИЫЛҒЫ КӨКТЕМНІҢ ӘР КҮНІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫП, өз аулаңызды, көшеңізді, мекеме айналысын көгалдандырып, көп шығынды қажет етпейтін ТАЛ ЕГУ,  ТАБИҒАТТЫ КҮТІП БАПТАУ  шарасына атсалысуға шақырамыз.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген. Адамға ұрпақ өсіріп, үй салумен бірге, ағаш отырғызу – парыз және сауапты іс. Ендеше, сауапты істен шет қалмаңыз!

 VII ШАҚЫРЫЛҒАН

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: