Сәрсенбі, 29 мамыр, 13:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

«Qyzylorda» телеарнасына – 30 жыл

30.04.2021

1522 0

Биыл «Qyzylorda» телеарнасына 30 жыл толып отыр.

Тура осыдан 30 жыл бұрын аймақтың төл телеарнасы көрерменге жол тартты. Жедел әрі нақты ақпарат таратып, халық пен билік арасында алтын көпірге айналды. Тәуелсіздікпен бірге түлеген төларна соңғы технологияның мүмкіндіктерін пайдалануда. Ертеңнен бастап, жаңа студиядан жаңалық таратып, бағдарламаларын көрерменге ұсынады.

«Облыстық телеарна біраз даму кезеңінен өтті. Технологияны жаңаладық, мамандардың кәсіби деңгейін шыңдадық. Мақтан тұтар шәкірттеріміз өте көп. Бүгінде біздің телеарна күніне 15 сағат ақпарат таратады. Оның ішінде төл өніміміз 63 пайызды құрайды. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Айта кететін жайт, екі бейнеқабырға алынып, орнатылды. Бірі жаңалықтар шығарылымына, екіншісі – хабарлар үшін. Бұл өз кезегінде бейнекөрсетілім сапасы мен технологиялық тұрғыда сан түрлі арнайы эффектілерді қолдануға тамаша мүмкіндік беретін дүние», – деді «Qyzylorda» телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала.

«Qyzylorda» телеарнасының ақпарат алаңында алар орны бөлек. Бүгінде табыс түсіруден және сапалы ақпарат тарату, телебағдарлама даярлаудан аймақ ішінде алдыңғы орында. Көрермен қызығушылықпен көреді. Өзім түлеп ұшқан төларнаны мерейтойымен құттықтаймын. Әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін», – деді «Қазақстан» РТРК» АҚ аймақтық хабар таратуды дамыту департаментінің директоры Арсений Дүйсенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: