Бейсенбі, 28 наурыз, 13:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда жеке оңалту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикада ІІ орында

15.07.2021

699 0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау мәселелері бойынша жиын өтті. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, бірқатар проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынды.

Өңірде мүгедектік санатымен 30881-ден астам адам тіркелген, оның 5 мыңнан астамы 18 жасқа толмаған балалардың үлесінде. Олардың еңбекке жарамдысы – 19421, зейнеткерлер – 6088, жұмыс істейтіндер – 5432.
Биыл мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың техникалық құралдары және қызметтерімен қамтамасыз етуге республикалық және облыстық бюджеттен 1,2 млрд.теңге бағытталды.

2021 жылдың 12 шілдесіне республикалық ақпараттық жүйеден алынған мәлімет бойынша 19147 оңалтудың жеке бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 11982 оңалтудың жеке бағдарламалары орындалып, 62,6%-ды құрап, республика бойынша ІІ орынға шықты. Ал, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 9588 мүгедектігі бар адамдар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық оңалту құралдарымен қамтылған.

Жыл басынан бері 550 мүгедектігі бар азаматтар жұмыспен қамтылды (91 – тұрақты жұмысқа орналасты. Оның 17 – әлеуметтік, 15 – жастар тәжірибесі, 427 – қоғамдық жұмыстарға жолданды.

2020 жылдың қараша айында облыста 595 мекеме, кәсіпорындардың тізбесі нақтыланып, мүгедектерді квотаға сәйкес жұмыспен қамту мақсатында облыс әкімінің «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды 2-4 пайыз мөлшерінде квота бойынша жұмыспен қамту мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөніндегі» іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 163 мекемеге 344 мүгедектерді жұмыспен қамту белгіленді.

Басқарма басшысы Г.Қалмақова мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру барысында ұсынылатын жұмыс орындар жұмыссыздың немесе жұмыс іздеп жүрген адамның келісімімен ғана іске асатынын атап өтті.

Nur Otan партиясының «Өзгеру жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес Қызылорда облысында 2021-2025 жылға бейімдеуге жататын әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің жоспарлы саны 1294-і құрайды. Жарты жылдың нәтижесімен 2021 жылға жоспарланған 258 объектінің 163-ге бейімдеу жұмыстары жүргізілгені, қалған 95 объектіге бейімдеу жұмыстары қажет етілетіндігі анықталды.

Облыс әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басшысына мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамту жұмыстарын кезең-кезеңімен және уақытылы жүргізуді тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: