Жұма, 26 сәуiр, 10:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 15 жастағы жасөспірім каналға суға батып кетті

10.06.2021

770 0

Қызылорда облысында 15 жастағы жасөспірім каналға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін Арал ауданына қарасты Қаратерең елді мекені аумағында орналасқан Тасарық каналында болды. Бұл жөнінде хабарлама төтенше жағдайлар саласына сағат 17.35 шамасында түскен.

«Жасөспірім рұқсат етілмеген орында шомылған. Оның жансыз денесі туысқандарының көмегімен судан шығарылған», – деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Еске салсақ, Қызылорда облысында бүгінге дейін жыл басынан бері су айдындарында 15 адам қаза болған. Олардың арасында 9-ы кәмелет жасқа толмағандар. Былтыр дәл осы кезеңде 12 адам көз жұмса, олардың 4-і бала.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: