Бейсенбі, 18 сәуiр, 08:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 31 жастағы азаматтың денесі Сырдарияда қалқып жүрген жерінен табылды

07.07.2021

798 0

Қызылорда қаласында құтқарушылар бүгін 31 жастағы азаматтың денесін Сырдария өзенінің бетінде қалқып жүрген жерінен тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1990 жылғы азамат екі күндей бұрын дарияның «Мерей» шағын ауданы аумағында белгіленбеген жерде суға батып кеткен. Құтқарушылар дарияда екі күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде азаматтың денесі бүгін, 7 шілдеде сағат 5.30-да оқиға орнынан 1 шақырымдай қашықтықта су бетінде қалқып жүрген жерінен табылды.

Тағы бір оқиға, 6 шілдеде «Домостроитель» саяжайының аумағында болған. Сол аумақта 1955 жылғы азамат 12.35-те суға батып кеткен. Құтқарушылар көмегімен 66 жастағы азаматтың денесі сағат 13.13-те судан шығарылды.

«Қазір өңірде аптап ыстық байқалып тұр. Сондықтан тұрғындардан барлық қауіпсіздік шараларына назар аударуын сұраймыз», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жаңақорғанда 10 және 11 жасар екі бала каналға батып кетті. Айта кетсек, жыл басынан бері облыстың су айдындарында 35 адам суға кетіп көз жұмды. Оның ішінде 20 бала.


 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: