Сенбі, 27 қараша, 13:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (1795)
23.11.2021
PDF мұрағаты

Қызылордада 438 жас әскери борышын өтеуге аттанған

28.05.2021

594 0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық жиын пункітіне барып, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсіміне қатысты.

– Биыл ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес Қызылорда облысынан ҚР Қарулы Күштері және басқа да әскери құрылымдарға 644 азамат жолдануы қажет болатын болса, қазіргі таңда оның 438 әскерге аттанған.Ал, бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан Қызметінің Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан № 5573 әскери бөліміне Сыр елінен 27 азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттануда. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, одан соң аймақ басшысы Отан қорғаушыларға әскери борышын өтеу қастерлі іс екенін айтты.Қазіргі уақытта біздің облысымыз азаматтарды әскерге шақыру жұмысын жоғарғы деңгейде ұйымдастырып келеді. Жыл сайын біздің өңірден әскерге мыңға жуық азамат аттанады. Олар өздерін жақсы қырынан көрсетіп, өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен абыройлы өткеруде. Біз тарихта қайсар мінезімізбен, табанды ерлігімізбен танылған халықпыз. Ғасырлар бойы бабаларымыз «Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» Ұлы Даламызды қорғап, сырттан төнген жауға бір қадам жерді бермей, туған атамекенімізді бүгінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Сіздер де батыр аталарымыз секілді бейбіт заманға лайық ерлік көрсетіп, міндеттеріңді абыроймен атқарады деп сенемін, -деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мұнан соң мерзімді әскери қызметке шақырылған азамат Қуаныш Жалғасұлының анасы Қарлыға Байменова жас сарбаздарға ақ жол тілеп, олардың ата-аналарын ұлдарының Отан қорғаушы атануымен құттықтады.

– Мен бүгін ұлымның азамат болып, Отан алдындағы борышын өтеуге бара жатқанына өте қуаныштымын. Өйткені әскерге дені сау, мықты азаматтар аттанады. Әрбір ата-ана өз балаларының қабілетті, еліне адал қызмет еткенін қалайды. Біз бүгін бұл мақсатымызға жеттік деп есептеймін. Аттанғалы тұрған барлық жастарға өз міндеттерін абыроймен орындап, туған жеріне аман-есен оралуына аналық тілеулестігімді білдіремін, – деді Қарлыға Байменова.

Шарадан соң аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыстық жиын пунктінің жұмысымен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: