Жұма, 03 мамыр, 17:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада екі жасар бала алтын білезік жұтып қойған

31.05.2023

773 0

Қызылордада екі жасар анасының алтын білезігін жұтып қойған. Анасы бастапқыда бағалы әшекейдің жоғалғанын байқамаған екен. Алайда кейін тексеріс кезінде күдігі расталыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дәрігерлер эндоскоп арқылы тексеріс жүргізіп, баланың асқазанында бөгде зат барын анықтаған. Бұл заттардың барлығын сәтті алып тастапты. 

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскописті Серік Нүсіпқожаев жыл басынан бері осы секілді 25 ота жасалғанын айтады. Өткен аптада ғана батарея мен магнит алған екен. 

Дәрігерлердің сөзінше, ағзаға бөгде зат түсудің белгілері тұмау белгілеріне ұқсас: жөтел, құсу мен қырылдау. Егер балада осындай белгілер пайда болса, алдымен дәрігер-эндоскописпен кеңескен жөн. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: