Сейсенбі, 23 сәуiр, 10:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада еңбек заңнамасын бұзған 143 дерек анықталды

12.07.2021

755 0

Аймақтағы еңбек инспекторлары жыл басынан бері мекемелер мен кәсіпорындарға 81 тексеру жүргізді. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзған 143 дерек анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов мәлімдеді.

Сондай-ақ,басқармаға келіп түскен арыз-шағымдарға сәйкес 457 жұмыскердің құқықтары қорғалып, жалақы бойынша берешектері, іссапар шығындары, үстеме ақы, өтемақы, қоса атқарған қызметіне қосымша ақылары өндіріліп берілген.

-Биыл жеті кәсіпорынның 1330 жұмыскеріне 120, 6 млн. теңге жалақы қарызы төленді.Сондай-ақ, басқарма тарапынан кәсіпорындардың жұмыс берушілеріне түсіндірме хаттар жолданып, нәтижесінде 994 ұйымда өндірістік кеңес құрылды. Жыл басынан бері 498 ұжымдық шарт тіркеліп, мониторинг жасалды. Бұған қоса, электронды базаға 1100 мекеме мен кәсіпорын бойынша 19980 еңбек шарты жасалып, есепке алынды,-деді Төреахмет Сайлаубекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: