Сенбі, 11 мамыр, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада киік саны көбейіп жатыр

30.05.2023

1149 0

«30 жылдан бері болмаған». Қызылордада жаппай киік төлдеп жатыр

Қызылорда облысында киік төлдей бастады. Мұндай көріністі тәуелсіздік жылдарынан бері көрмеген мамандар аң-таң, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл Бетпақдала популяциясының қалпына келе бастағанын көрсетеді. Сайын дала сұлулары бұрын Сыр өңіріне қыстауға ғана келіп, ұрпақ өрбітетін уақытта кетіп қалатын.

«Киіктер көбеюіне байланысты біздің облыста да төлдеп жатыр. Бұл 30 жылдан бері болмаған көрініс. Қазіргі күні жалпы аң санының шамамен 90 проценті төлдеп болды», – дейді «Охотзоопром» РМҚК өңірлік филиалының басшысы Расул Маханов.

Дархан дала еркесін қорғау мақсатында 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында арнайы акция өтті. «Охотзоопром» дерегінше, жыл басынан бері инспекторлар қаскөйлердің 6 қылмыстық әрекетіне тосқауыл болып, іс құқық қорғау органдарына тапсырылды. Сонымен қатар 4 әкімшілік құқық бұзу дерегі бойынша айыппұл өндірілді. Әуе санағы Бетпақдала популяциясындағы киік саны биыл 745 мыңнан әрі екенін көрсетті. Ал 4 жыл бұрын небәрі 111 мыңнан асатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: