Құрылтай

Бейсенбі, 09 шiлде, 22:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Қызылордада техникалық талаптарға сай келмейтін өнімдер айналымнан шығарылды

09.07.2026

47 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қарсақбаев 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады.

Спикердің айтуынша, департамент техникалық реттеу, метрология, сәйкестікті бағалау және зергерлік бұйымдар айналымы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырып, тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен отандық өнімдердің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
Жыл басынан бері өңірде 80 мемлекеттік бақылау іс-шарасы өткізілген. Оның 65-інде заң талаптарының бұзылуы анықталып, тиісті нұсқамалар берілді. Сондай-ақ бір әкімшілік іс қаралып, кінәлі тұлғаға айыппұл салынып, бюджетке өндірілді.


«Мониторинг барысында «Энергетик KZO» ЖШС-нің 35 өлшем құралына берілген салыстырып тексеру сертификаттарының күші жойылды. Бұдан бөлек, талаптарға сәйкес келмеген «Келін шай», «Аль Хаят» шайы, «Петропавловское» ультрапастерленген сүті өнімдерінің сәйкестік декларацияларының күші жойылды. Ал «Мозырсоль» ас тұзы, «Choco Pie» печеньесі мен «Fariman» ашытқысының мемлекеттік тілдегі таңбалануы талапқа сай болмағаны анықталды. Бақылау сатып алу бағдарламасы аясында жанар-жағармай мен техникалық сұйықтықтардың үлгілері зертханалық сынақтан өткізілді. Нәтижесінде АИ-95 бензині мен екі түрлі антифриздің техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болып, өнімдерді айналымнан алу жөнінде шешім қабылданды» , – деді департамент басшысы Бауыржан Бақытбекұлы.


Сонымен қатар электр энергиясын өндіретін «Кристалл Менеджмент» АҚ-ға қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында метрологиялық заңнама талаптарының бұзылғаны анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


«Мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаты кәсіпкерлерді жазалау емес, өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұтынушылардың құқығын қорғау және халықаралық стандарттарға сай сапалы өнім өндіруге жағдай жасау. Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеміз» , – деді Бауыржан Қарсақбаев.


Есепті кезеңде департамент мамандары кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 7 оқу семинары, 4 дөңгелек үстел өткізіп, техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттардың талаптарын түсіндіруге басымдық берді. Сонымен қатар департамент қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 31 ақпараттық материал жарияланған.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: