Жұма, 03 мамыр, 22:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада үшем дүниеге келді

11.04.2023

446 0

Байқоңыр қаласында тұратын 31 жастағы Әйгерім Әлімханова «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Айлин, Анель, Адель есімді үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл – жас ананың алғашқы жүктілігі. Нәрестерлер 1180, 1200, 1400 грамм салмақпен дүниеге келді. Сол күні санитарлық авиация желісі арқылы облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Енді біршама уақыт орталық неонатологтарының ерекше күтімінде болады. Қазір анасы мен нәрестелердің денсаулық жағдайы жақсы», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

«Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы аясында 2021 жылы облысқа 281 квота бөлініп, өткен жылдың қараша айына дейін толық игерілді. Сол жылы бағдарлама бойынша ЭКҰ арқылы 119 бала өмірге келді. Олардың арасында 3 отбасында егіз сәбилер жарық дүние есігін ашқан. Былтыр бағдарлама негізінде 277 квота бөлінген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: