Жұма, 29 наурыз, 11:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер мерекелік дөңгелек үстел өткізді

21.10.2022

602 0

Қызылорда облысы ПД Қазалы ауданы Полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Қазалы аудандық орталық кітапханасында 25 қазан Қазақстан Республикасы күніне арналған «Алтын діңгек – өзім туған босағам» атты мерекелік дөңгелек үстел өткізілді.  

Шараның мақсаты – Республика күнінде елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамын, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәнін сақтай отырып, бұл күн мемлекеттік мереке болып қалып, жас ұрпақты тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан батырларымызға тағзым етуге, оларды ұлықтап ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік үлгісін насихаттай отырып, патриоттық тәрбие беруге арналды. Шараға полиция қызметкерлері мен кітапхана мамандары қатысып Республика күні ұлттық мереке санатына енгенін, бұл мерекенің тарихи маңызы бар және мемлекеттің дамуына елеулі әсер еткен оқиғалар қатарына жататынын сөз қылып, бөлім қызметкері полиция лейтенанты  Төлеген Қалдыбек елімізде 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекеге айналғанына қуанышты екенін және мерекеге арнайы ақ тілегін білдірді. Мерекелік кеште кітапхана директоры Индира Әбілқасымқызы жүрек жарды тілегін арнап, шараға қатысқан полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Шара соңында тәртіп сақшыларына «ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» атты кітап көрмесі таныстырылды.

                          Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: