Бейсенбі, 02 мамыр, 21:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ресей өнімдерінде онкологиялық ауру тудыратын қоспа көп – депутат

25.01.2024

360 0

Сурет: stan.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында сенатор Әлібек Нәутиев шетелден келетін тауарларды ел ішінде де тексерістен өткізу қажет екенін айтып, премьер-министрге сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Еліміздің ішкі нарығында ауылшаруашылығы өнімдерінің көптеген түрлері, оның ішінде отандық кәсіпорындарда өндірілген азық-түліктің импортқа тәуелділігі әлі де жоғары. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауылшаруашылық тауарларын жеткізу бойынша 7% ғана ие», – дейді сенатор. 

Сонымен қатар депутат шет елден келетін тауарлар Қазақстанда тексерілмейтінін тілге тиек етті. 

«Қазақстанға көршілес елдерден азық-түлік, оның ішінде ауылшаруашылығы өнімдері көптеп тасымалданады. Алайда олардан келіп, шекарадан өткен өнім еш кедергісіз саудаға шығарылады. Біздің шаруалардың да Ресейге өз өнімдерін шығаруға мүмкіндігі бар. Дегенмен бізден оларға шығарылған өнім өзіміздің зертханада және шекарада тексеріледі. Содан кейін 15-20 күн ол елдің зертханасында тексерістен өтеді», – деп атап өтті ол. 

Бұл өз халқының денсаулығын қорғау үшін қолданылып отырған шара екені белгілі дейді депутат. 

«Осы мәселеге орай көршілес елдерден келген өнімді де тек олардың тексерісіне негіздемей, Қазақстандық зертханада да халық денсаулығына қауіпсіздігін талдау қажет деп есептейміз. Себебі, сарапшылардың пікірінше, Ресейдің ауылшаруашылық өнімдерінде түрлі биохимиялық қоспалар пайдаланылады, оған фактілер де бар. Бұл қоспалардың онкологиялық ауруларды тудыру қаупі өте жоғары», – деп нақтылады Әлібек Нәутиев. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: